БІЗ ТУРАЛЫ
Astana International Publishing – 2002 жылы құрылған қазақстандық баспа. Бастапқыда компания журналдар мен полиграфиялық өнімдер шығаруға маманданған. 2022 жылдан бастап қызметіміздің негізгі бағыты кітап шығару болды. Біз қазақ және орыс тілдерінде көркем әдебиет, классика, детективтер, нон-фикшн және балаларға арналған кітаптар шығарамыз. Біздің каталог оқырмандардың кең ауқымына және түрлі жас топтарына арналған.
БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ
Біз қазақстандық оқырмандарды әлем әдебиетінің үздік туындыларымен таныстыруға және халықаралық кітаптарға қазақ және орыс тілдерінде қолжетімділікті кеңейтуге ұмтыламыз. Біз басылымдардың сапасына ерекше көңіл бөлеміз, кітап нарығындағы үрдістерді қадағалаймыз және заманауи оқырмандардың қызығушылықтарына сай өнімдер жасаймыз.